19
март
2023
"Наурыз-думан"
Герасимовка орта мектебінде Наурыз мерекесіне орай 5-11 сыныптар арасында "Наурыз-думан" атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шарада мектеп оқушылары салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, әр сынып оқушылары өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ дене шынықтыру пәні мұғалімі Амантай Сұлтанның ұйымдастыруымен өткен ұлттық ойындардан сайыстарға оқушылар қызығушылықпен қатысты, Мереке соңы ұлттық тағамдарға толы дастархан мен ата-аналар дайындаған наурыз көже ішуге жалғасты. Ұлттық дәстүрді дәріптейтін осындай шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!