30
май
2025
«Мектебім , саған мың алғыс!» атты оқу жылының аяқталуына байланысты 11 сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтті.

23 мамыр күні мектебімізде «Мектебім , саған мың алғыс!» атты оқу жылының аяқталуына байланысты 11 сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтті.
Іс -шараға Т.Тохтаров ауылдық округінің әкімі Садыков Нұрхат Тохтарханович және округтің ардагерлер кеңесінің төрайымы Исекенова Шайзада Кульбаевна және мектеп бітіргендеріне 5 және 20 жыл болған мектеп түлектері құрметті қонақ ретінде қатысты.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын, жас түлектер!