Педагогтың бос лауазымына конкурс жариялау туралы » КГУ"Герасимовская средняя школа"
Коммунальное государственное учреждение
"Герасимовская средняя школа"
отдела образования по Уланскому району
управления образования восточно-казахстанской области
Приемная:
+7 (7232) 50-24-94
Бухгалтерия:
+7 (7232) 78-96-51
Версия
для слабовидящих
» » » Педагогтың бос лауазымына конкурс жариялау туралы
29
октябрь
2024

Педагогтың бос лауазымына конкурс жариялау туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Герасимовка орта мектебі» КММ 

педагогтың бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы өткізілетіні туралы

Хабарлама


Герасимовка ауылы, А.Я.Гутова көшесі, 30A

индекс 071606

тел.: 8(7232)37354(қабылдау бөлмесі)

gerasimovka_wkola@mail.ru


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Герасимовка орта мектебі» КММ 2024-2025 оқу жылына педагогтың бос лауазымына төмендегі мамандық бойынша тағайындау конкурсын өткізеді: 


Бос лауызымның атауы

Бос лауазымның саны

Оқу жүктемесі

Еңбекақы төлеу мөлшері байланысты еңбек өтіліне, санаты, т.с.с

1

Шағын-орталықта дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы

1

(тұрақты)

0,5 штаттық бірлік

166 077 - 193 598


Конкурсқа қатысушы білуге міндетті: 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);

педагогикалық этиканың нормалары;

санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері; 

еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.


Лауазымдық міндеттері: 

балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;

дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;

денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; 

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;

ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; 

арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;

оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді. 


Біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.


Педагогтардың бос лауазымдық қызметтеріне тағайындау ережеге сәйкес және конкурстық негізде өткізіледі. 

Қүжаттарды қабылдау 29.10.2024 ж. – 05.11.2024 ж. уақыт аралығында. 

Конкурстық комиссия отырысы 06.11.2024 ж.  11.11.2024 ж. кестеге сәйкес.

Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті

мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан  өтуден босатылады.

12)16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына   кандидаттың  толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.