"Сәтті жоба" бизнес-жобалар сайысы » КГУ"Герасимовская средняя школа"
Коммунальное государственное учреждение
"Герасимовская средняя школа"
отдела образования по Уланскому району
управления образования восточно-казахстанской области
Приемная:
+7 (7232) 50-24-94
Бухгалтерия:
+7 (7232) 78-96-51
Версия
для слабовидящих
» » » "Сәтті жоба" бизнес-жобалар сайысы
04
май
2023

"Сәтті жоба" бизнес-жобалар сайысы

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары мен студенттері арасында өтетін «Сәтті жоба» бизнесс-жобаларының облыстық сайысының қорытындысы жарияланды. Сайыс ұйымдастырушылары:Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы, ШҚО бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан-Американдық Еркін Университеті, Өскемен экономика және қаржы колледжі.
Сайыстың мақсаты: жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және дамыту.
Сайыс экономикалық және кәсіпкерлік шеңберінде аймақ жастарының инновациялық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жүргізіліп отыр. Сайысқа 14-20 жас шамасындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Сайыс жеті номинация бойынша өткізілді:
1.    “Green start up”2.    «Әлеуметтік бастамалар»3.    «Туризм»4.    «Агроэкономика»5.    «Креативті бизнесс-идея»6.    «ІТ- сфера»7.    «Сауда ісі»«Әлеуметтік бастамалар» номинациясы бойынша 8 сынып оқушылары Қасымова Диана мен Сембаева Наргиз «Бисер тоқу» шығармашылық шеберханасы атты жобамен 1-орын алды. Жетекшілері Дюсупова А.Ж, Қабыкенова А.Б. Осы номинация бойынша 9 сынып оқушылары Фархатқызы Қарлығаш пен Серікұлы Мерей «Инновациялық бесік» атты жобамен 2-орын алды. Жетекшілері Иманжанов Н.Т, Советхан Ф.Қ. «Креативті бизнесс-идея» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Сәулет Аялы мен 10 сынып оқушысы Мұқыйатқызы Гаухар «Онлайн школа – профессия любви» жобасымен жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшілері Дюсупова А.Ж, Маушанова А.С. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз ! Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!