Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп-2024 жыл
Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша ақпараттық есеп
Мекеме атауы: "Герасимовка орта мектебі" КММЕсеп беру мерзімі: 2024 жыл
Қызмет көрсетуші:Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, «Герасимовка орта мектебі» КММ
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Көрсету түрлері – электронды, «Egov.kz» порталы, «Egov Mobile» қосымшасы, ХҚКО (ЦОН) және қағаз түрінде, мектеп кеңсесі арқылы.
1. Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі - мектептен мектепке ауыстыру бойынша 30 қызмет көрсетілді.
2. "Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)" мемлекеттік қызметі - 1-сыныпқа 21 оқушы қабылданды.
3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі - Үйден оқытуға 1 оқушы қабылданды.
4. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі – 10 өтініш қабылданды.
5. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі - Мектеп жанындағы "Сәулетай" лагерінде – 25 оқушы жолдама алып, демалды. Аудандық "Болашақ" лагерінде – 10 оқушы жолдамамен демалды.
6. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі - Аттестаттың телнұсқасын алу бойынша 2 өтініш қанағаттандырылды (1 – АРМ ГУ арқылы, 1 – ХҚКО; ХҚО (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы).
7. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметі - Автобуспен тасымалданған оқушылар саны – 28 оқушы.
8. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі - Тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны – 74 оқушы.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
Мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар жарияланды.
Мектеп ішіндегі стендтер өзгерістерге байланысты жаңартылып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы бұрыш ұйымдастырылған.
3. Ақпараттық құралдарда жариялау:
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жария талқылауға қатысу мүмкіндігі туралы ата аналар мен жұртшылықты үнемі хабардар ету жүргізіледі egov.kz. «Egov» бұрышы арқылы қызметтерді онлайн алуға кеңес берілді.
4. Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар:
Жалпы мектептің ата-аналар жиналыстарында және әр сынып бойынша жеке-жеке, мектеп директорының жанындағы кеңестерде түсіндіру жұмыстары, жауапты тұлғаның жеке консультациясы жүргізілді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ алу қажеттілігін белсенді түсіндірілді.
Жауапты қызметкерлер соңғы жаңартуды ескере отырып, өзекті заңнамалық актілерді, стандарттар мен ережелерді үнемі зерттеп отырады.
6. Кері байланыс нәтижелері:
Қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ, ата-аналардың қанағаттану деңгейі жоғары.
7.Ішкі сапаны бақылау:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.
8. Мәселелер мен ұсыныстар:
Кейбір қызмет түрлерін ауылдық жерде интернет байланысының әлсіздігіне байланысты онлайн алу қиындық туғызды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарлануда.
Уақтылы және сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау. Бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет-ресурстар және электрондық үкімет порталдары арқылы ата-аналарды белсенді ақпараттандыру.
Ұсыныс: мектепте қосымша компьютер қарастыру