29
сентябрь
2025
Мектеп президентінің сайлау нәтижесі

Герасимовка орта мектебі" КММ-де мектеп президентінің сайлауы өтті!
Сайлауға оқушылар мен мектеп ұстаздары белсенді қатысып, өз дауыстарын берді.
Сайлау нәтижесінде 9 "А" сынып оқушысы Аллаберген Ерали Дәуренулы мектеп президенті болып сайланды!
Бұл жеңіс - Аллаберген Ералидің жауапкершілігі мен лидерлік қабілетіне артылған үлкен сенім. Алдағы уақытта ол оқушылардың бастамаларын қолдап, мектеп өміріне жаңа серпін беруге атсалысады деп сенеміз!
Жаңа мектеп президентін құттықтаймыз! Еңбегіне табыс, бастамаларына сәттілік тілейміз!