Кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу » КГУ"Герасимовская средняя школа"
Коммунальное государственное учреждение
"Герасимовская средняя школа"
отдела образования по Уланскому району
управления образования восточно-казахстанской области
Приемная:
+7 (7232) 50-24-94
Бухгалтерия:
+7 (7232) 78-96-51
Версия
для слабовидящих
» » » Кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу
14
апрель
2025

Кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу

14.04.2025 жылы жұмысшы мамандықтар жылы аясында КММ «Герасимовка орта мектебінің» 9–11 сынып оқушылары Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінде өткен «Ашық есік күніне» қатысты. Шара барысында оқушылар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, болашақ мамандықтар жайлы мол мағлұмат алды.Іс-шара аясында оқушылар Украинка ауылында орналасқан сүт өнімдерін өндіруші «Восток-Молоко» шаруа қожалығына экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында өндіріс процесімен танысып, нақты жұмыс жағдайын көзбен көріп, еңбек жолына деген қызығушылықтарын арттыра түсті.Колледжде әртүрлі мамандықтарға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оқушылар тәжірибелік жұмыстарға белсене қатысты. Сонымен қатар, колледждің асханасы, спорт және акт залы, жатақханасы таныстырылып, оқушыларға оқу орнындағы жағдай туралы толық ақпарат берілді.Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар ала алды. Кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырып, болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беретін танымды әрі мазмұнды шара болды.