08
май
2025
"Бейбіт күннің әуені" атты ән шеруі
«Бейбіт күннің әуені» атты 1–10 сыныптар арасындағы әскери-патриоттық әндер шеруі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді ояту, елге деген құрмет пен тарихқа деген тағзымды насихаттау болды. Шеруге әр сынып белсене қатысып, патриоттық рухтағы әндерді орындау арқылы көрермендердің жүрегіне жол тапты. Оқушылар сахнада өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, бірлік пен татулықтың, бейбіт өмірдің қадірін жеткізе білді.