Герасимовка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айтқабыл Шыңғыс “SU Coding Cup 2025“ спорттық бағдарламалау бойынша оқушылар арасындағы ашық жеке олимпиаданың жеңімпазы атанып, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің грантын иеленді.